Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Отбасы құндылығы ұлықталған тағылымды кездесу

16.01.2026, 18:10 16

HALYQLINE.KZ

Жалағаш аудандық Руханият орталығында отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шара өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға жарты ғасыр отасқан «Алтын той» иелеріне және шаңырақ көтерген жас отбасыларға неке куәліктері салтанатты түрде табысталып, құрмет көрсетілді.

Аудандық «Ұлағатты аналар» кеңесінің қатысуымен отбасы құндылығын насихаттауға, жас отбасылар арасындағы өзара сыйластық пен ұлттық тәрбиені қалыптастыруға арналған шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Қатысушылар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өнегелі ой-пікірлерін ортаға салды.

Есет батыр ауылында өнегелі өмірімен көпке үлгі болып жүрген берекелі әулеттер аз емес. Солардың бірі – отасқандарына 50 жыл толған Болатбек Әміров пен Зәуренай Байқасымова. Бүгінде олар ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, 7 бала мен 26 немеренің қызығына бөленіп, елге сыйлы, қадірлі отбасы ретінде ғұмыр кешіп келеді.

Айта кетейік, аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2025 жылғы мәліметіне сәйкес, ауданда 111 жас отбасының некесі қиылып, бірде-бір ажырасу дерегі тіркелмеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: