Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Отбасы банк жаңа бағдарламасын іске қосты

14.08.2025, 9:30 220

Отбасы банк «Наурыз» ипотекалық бағдарламасын қайта бастады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Банк Қазақстан қор биржасынан (KASE) 150 млрд теңге тартқанын және несиелеуді қайта бастауға дайын екенін хабарлады.

“Шарттар өзгеріссіз қалды: бастапқы жарна – кемінде 20%, ең жоғары несие сомасы – Астана мен Алматы үшін 36 млн теңгеге дейін, басқа өңірлер үшін 30 млн теңгеге дейін. ЖТСМ – 9,6%-дан 13%-ға дейін. Несие мерзімі – 19 жылға дейін”, — делінген хабарламада.

Барлық мақұлданған өтінімдер мен пәтер броньдары күшінде қалады. Өзекті ақпарат Отбасы банкінің ресми интернет-ресурстарында жарияланып отырады.

Еске салайық, маусым айында банк жаңа несиелер беруге уақытша шектеу енгізген еді. Сол кезде тек кепіл шарты мен төлем кестесін қоса алғанда, барлық құжаттарға қол қойып үлгергендер ғана несие алған. Қалған клиенттерге күтуге тура келген болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: