Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Менің отбасым» телевизиялық сайысы көрерменге жол тартады

10.09.2021, 11:00 682

HALYQLINE.KZ

«15 қыркүйек – Халықаралық отбасы күні» мерекесі аясында «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тұрғындарына отбасылық жылуды сезіндіру, «Отбасы күні» мерекесінде балалар ауылының тұрғындарымен бірге болу мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылымен бірлесе ұйымдастыруымен және «Qyzylorda» телеарнасының ақпараттық қолдауымен «МЕНІҢ ОТБАСЫМ» телевизиялық сайысы көрермендерге жол тартпақ.

Сайысқа балалар ауылындағы 7 отбасы қатысады. 7 отбасыға әкелік, аналық ететін қоғамның танымал өкілдері балаларды сайыстың түрлеріне дайындайды. Әр отбасының телевизиялық реалити сайысқа дайындығы жеке-жеке күнделік ретінде түсірілімделіп, телеарна және әлеуметтік желілер арқылы көрерменге ұсынылады.

Сайыс өтетін негізгі күні арнайы комиссия құрылып, қоғамның танымал өкілдері әкелік, аналық ететін әр отбасыға қонақ әрі сарапшы ретінде соғып, ұсынылған ас мәзірін, отбасылық өнер түрлерін бағалайды. Сайыстың 3-ші бөлімі балалар ауылының ауласында өтеді. Спорттық эстафеталық сайысты облыстық спорт басқармасының мамандары бағалайды. Нәтижесінде, әр сайыс түрлері бойынша үздіктер анықталып, отбасыларға бағалы сыйлықтар табысталады.

Облыстық жастар ресурстық орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: