Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көпбалалы анаға үй сыйлады

11.03.2025, 1:02 36

Оқырмандары арасында ұтыс ойнатқан блогер Алматыдағы зәулім үйді ауылдық жерде тұратын, 6 баланың анасы ұтып алғанын жеткізді.

Блогер Аида Серікова көпбалалы анаға 250 млн теңге тұратын үй сыйлады, – деп жазды halyqline.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бір Алланың қалауымен Алматыдағы 250 000 000-дық коттедж 6 баланың анасы Ардақ тәтеге бұйырыпты. Аллаға сансыз шүкір! Осылайша бүгін үйді табыстадық. Жақындары, туыстары сенер-сенбесін білмей жатыр. Шынымен де бұл кісілер үшін бүгінгі күн түс секілді. ИншаАллаһ енді осы үйде өніп-өсуін нәсіп етсін! Әдемі тілегімен ерекшеленген жандарға шашуым болады. Шынайы қуана білген оқырмандарыма менен шашу болсын. Ал нағыз тілек осындай болу керек деп, жүректен шыққан сөздеріңізді жазып кетіңіз», – деп жазды блогер.

Көпшілік көпбалалы анаға қуаныш сыйлаған блогерге, ұтыс иесіне ыстық ықыласын білдірді.

«Нағыз мұқтаж жанға бұйырыпты. Құтты, берекелі үй болсын», «Міне, шын мұқтаж жанға бұйырды. Керемет», «Бұйырған кетпейді ғой. Сол үйде тек қуанышты күндеріңіз көп болсын. Дендеріңіз сау болсын», «Тек бақытты күндер нәсіп етсін сол отбасыға», деп жазды оқырмандар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: