Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Берекелі шаңырақ

17.03.2025, 9:30 62

Наурызнаманың Шаңырақ күні аясында Отбасы орталығында «Берекелі шаңырақ – ел бірлігі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Көрермендер назарына «Наурыз жыры», «Саумалық», «Аластау», «Неке қию» рәсімдері секілді 7 түрлі дәстүр көрсетіліп, әрқайсының мән-мағынасы түсіндірілді.

Тағлымға толы жеті басқұр биіктеліп, «Қара шаңырақ» құндылығы, киесі дәріптелді. «Алтын той» иелері және «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қатысушылары Алиевтер отбасымен сұхбат өрбіп, тәлімі терең отбасының негізін қалаған адал адамдар насихатталды.

Мерекелік жиында отау құруға ниетті жастардың некесі қиылды. АХАЖ бөлімінің мамандары қалыңдық пен күйеу жігітке куәлік табыстап, «Алтын той» иелері ақ батасын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: