Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Онлайн байқаудан – бас жүлде

26.04.2020, 23:54 985

HALYQLINE.KZ –| Жаңақорған аудандық М.Көкенов атындағы мәдениет үйінің әлеуметтік желіде ұйымдастырған «Өлең… Өмір… Өнеге…» атты онлайн жазба ақындар мүшәйрасында аралдық ақын, ұстаз, журналист Ерғали Абдулла бас жүлдені иеленді. Жүлдегер атанған ақындар ішінен біздің басылымның белсенді авторының жыр жолдары үздік деп бағаланды.

Ерғали Абдулла осыған дейін де түрлі байқауда топ жарып, шығармашылық додаларда жеңімпаз атанған. Сонымен қатар, ол – бірқатар кітаптың авторы.

Қазір елдегі төтенше жағдайға байланысты көптеген мәдени-көпшілік іс-шараға, ұлттық мерекелерге тыйым салынғаны белгілі. Дегенмен көпшіліктің назарын аудару, рухани құндылықтарға сусындату мақсатында әлеуметтік желіде түрлі онлайн концерттер, сұхбаттар ұйымдастырылуда. Бұл – үйдегі азаматтарға құндылықтарды дәріптеудің тамаша мүмкіндігі. Міне, жоғарыда аталған байқау да осындай игі бастаманың бірі десек болады. Байқаудың марапаттау рәсімі 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік шарада өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Біз де басылымның белсенді авторын бас жүлдесімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: