Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жалко, что ли?»

12.06.2023, 15:57 169

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі  сатира

Президент төтенше жағдайлар министрі Шірени Талтайғанұлы Миринді қабылдады.

– Сіз министр болғалы, өрттен көз ашпадық. Семей өңірінде тағы да алапат өрт. Сіз неге ол жаққа бармадыңыз? – деп сұрады президент.

– Моншада едім, кешіріңіз, президент мырза, – деді министр күмілжіп.

– Ия, сылтауыңыз көп әйтеуір. Неге алдын ала өрт ошағын анықтамадыңыздар?

– Өзіңіз білесіз, бұл өрт дегеннің ежелден тілі жоқ. Мылқау. Бізге айтпайды. «Өрт – тілсіз жау» екенін бәріміз білеміз. Бұл өрт деген не қазақша, не орысша сөйлей алмайды. Өртке тіл бітіру үшін, бюджеттен ақша бөлінсе деген ұсынысым бар. Өртке оның «кластасы» Жел көмектеседі. Жел оны үрлеп, екеуі ойнай бастайды. Желді болдырмау туралы арнайы заң қабылданбаса, жел, дауыл дегендер құтырып бітті.

– Сіз не айтып кеттіңіз? Министр бола тұрып, немқұрайдылық таныттыңыз! Техникалар ескірген, өртшілерге арнайы киім де берілмеген! Қаншама адам қаза болды! Ал, сіз… Бүгіннен бастап боссыз!

Министр есіктен шығып бара жатып:

– Кешіріңіз, бүкіл ел болып, өртке бір-бір түкіріп кетсе болады ғой? Сіздерде қалай еді? «Көп түкірсе көл, түкірмесе нөл!» деген бар емес пе? Давайте, депутаттар да сонда барып, түкіріп кетсін! Жалко что ли? – деді.

Көресіздер, майда шопақ бастықтар сотталып, экс-министр миығынан күліп жүреді әлі! Айтпақшы, айтқан жерден аулақ, өрт бола қалса, түкіріп кетіңіздерші!

Мұхтар  ШЕРІМ

Карикатура ашық дереккөзден алынды.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: