Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалаңаштар жасасын!

22.07.2025, 8:40 225

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі сатира

Көшеде келе жатсаң, жалаңаштар, теледидарды басып қалсаң, жартылай жалаңаш әнші қыз-келіншектер.Тойға барсаң, жалаңаш билеген еркектер…

Сосын маған бір ой келді. Қиқымды қиял… Біздің эрамызға дейінгі алғашқы адамдар ше? Солар сияқты бүгінгі адамдар да жалаңаш жүретін болса. Ұят «қайтыс» болып кетсе. Сондай бір өмір қалыптасса. Киім дегеннің не екенін білмесек. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші?

Адам атаулының бәрі жалаңаш… Бір-бірден жапырақ байлап алған. Африкадағы жалаңаш тайпалар сиқтымыз. Ұят дегенді білмейміз, санамыздан ұят атаулы өшкен. Автобус ішінде де жалаңаштар. Тыржалаңаш жүргізуші. Ал моншаға қалың киініп алып шомылатын болса. Жалаңаш шомылу ұят! Көшеде, көліктерді тоқтатып қойып стриптиз билеген арулар.

Киім базары деген атымен жоқ. Сондықтан, базарларды өртеу жоспары келесі ғасырларға қалдырылған. Тек жапырақтар бизнесі дамыған. Оны айтасыз, облыс әкімінің өзі жалаңаш. Қарнын тыр-тыр қасып қойып, жалаңаш халықтың алдында… сөз сөйлеп тұр. Әкімнің мойнында ғана галстук салбырайды. Министрлер де солай…

«Ойебай, не деп кеттіңіз? дегіңіз келетін шығар? Несіне ұяла қалдыңыз? Жалаңаштанған қоғамды көріп тұрып, ұялмайсыз, ә? Ой-санамыз да жалаңаш! Солай, мырзалар, жалаңаштар жасасын!

Мұхтар  ШЕРІМ

Фото: cdn.fishki.net

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: