Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тыңшы

06.12.2024, 10:55 134

HALYQLINE.KZ

Аты айтып тұрғандай бұлардың құлақтары ылғи түрік жүреді. Соғыс кезінде тыңшылық үлкен роль атқарады. Жалпы «шпион» деп те атайды.

Ойбай, тіфә-тіфә, соғыстың бетін әрмен қылсын. Елім тыныш болсын!…

Тыңшылар кез келген мемлекетте болады. Олар сол елдің қауіпсіздігі үшін ауадай қажет. Дұрыс шығар…

Ал, жеке тыңшылар ше? Иә, өзімен өзі тың тыңдап, ауадан әңгіме теріп ыржалаңдап жүретіндерді айтамын. Бірақ, ондайлар  қазір көп қой. Мұндай тыңшылар кейбір мекеме басшыларына қажет-ақ. Жіпсіз байланыс. Тыңшыны керек етпейтіндер де бар. Сол тыңшылар бар ғой, мекемеде есік сыртын торып жүреді. Рас. Қос құлақтарын қалқайтып сөз тыңдайды.

Екі есіктің ар жағындағы дыбысты кедергісіз қабылдайды. Есту қабілеттері өте мықты. Жүрген іздері де білінбейді. Не деген талант? Міне, бұлар «мекеме тыңшылары» деп аталады. Бұлар жұмыста жүнін жұлған торғайдай, мойыны ырғайдай қылтиып жүреді. Қатырып жұмыс та жасамайды. Құрғақ сөзді майлы сөзге айналдырып елге таратады. Міне, шаруалары –осы.

Олар өздерін қанша тыңшы екенін білдірмеуге тырысса да, байғұстардың құлақтары жыбырлап, есік көрсе мойындары бұрыла береді. Күн ұзаққа сыбыс естімесе құлағының іші қышиды. Ал, енді әңгіме көбейсе, көңілдері көтеріледі. Қысқасы, қоректері – өсек пен қаңқу сөз. Солай…

Нұрлыбек  ЖҰБАТҚАН,

Ақтөбе  қаласы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: