Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құмалақ

02.11.2020, 12:10 1509

HALYQLINE.KZ

(мысал)

Кабинетіме бір құмалақ кіріп келді.Кәдімгі қойдың қара құмалағы.

— Амансыз ба бәсеке, — деп тіл бітті. Шошып кеттім. Құмалақ та сөйлейді екен-ау.

— Саған не керек?

— Ештеңе керек емес, тек мені кабинетіңізге столдың үстіне «сувинер» секілді қойып қойыңызшы, — деді жалынып.

— «Бір құмалақ бір қарынды майды шірітеді» деген бар, — дедім.

— Кешіріңіз, ол басқа құмалақ қой. Мен таза құмалақпын, — деп домалап алдыма келді. Майға піскен шемішкідей жалтырап тұр. Көңілін қимадым, үстелімнің бұрышынан орын бердім. Арада бірталай күндер өтті. Бір күні бір қызметкерім келіп: «Ағай, кабинетіңізден жағымсыз иіс шығады» -дейді. Бірден ойыма құмалақ түсті. Қарасам орнында жоқ. Содан іздеп таба алмадым. Түстен кейін әкімшілікке жиналысқа бардым. Жиынды жүргізіп отырған мәдениет басшысы мұрнын басты. Ол кісінің жаман иіске аллергиясы бар еді.

— Құрметті әріптестер, осымен жиналыс бітті, — деп қысқа қайырды. Директорлар бір-біріне күдікпен қарады. Иіс жақын маңнан аңқып тұр. Сүйтсем, әлгі қара құмалақ менің құйрығыма кенедей жабысып алыпты. Жүгіріп әжетханаға бардым.

— Түс! — дедім құмалаққа айғайлап.

— Неге?

— Сасымаймын дегенің қайда?

— Сіз де қызықсыз, құмалақтан жаман иіс шықпағанда хош иіс шығу керек пе? — деп менімен ұрыса кетті.

— Менің артыма қашан жабысып алдың?

— Біраз уақыт болды. Талай адамның артын боққа былғадық қой, — деді құмалақ шіреніп.

Құмалағым бұрынғыдай емес өзгеріп кетіпті. Бәсе, соңғы кездері неге сасып кеттім десем. Мынау екен менің ауа райымды бүлдіріп жүрген…

— Ее, басқан ізімді бағып, тың тыңдап жүр екенсің ғой. Сен сияқтылар талай адамды ұятқа қалдырады, — деп, құмалақты шап беріп ұстап алып, әжетхананың «унитазына» салып ағызып жібердім.

Құмалақ енді өз орнын тапты…

Нұрлыбек  ЖҰБАТҚАН,

Ақтөбе  қаласы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: