Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пойыз билеттері қаншаға қымбаттайды?

19.02.2025, 17:15 110

Биыл көктемде елімізде пойыз билеттері қаншаға қымбаттайтынын Темір жол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов айтып берді.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, 1 наурыздан бастап билет бағасы өседі.

«1 наурыздан бастап инфляция деңгейіне индекстеу аясында жолаушылар тасымалы бір жолға 7 пайызға өседі. Биыл бұдан артық өсім болмайды», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде 1 наурыздан бастап пойыз билеттерінің бағасы 20% көтерілетіні айтылған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: