Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мақал – сөздің майонезі

07.01.2021, 11:00 529

Карикатураны салған Ғалым Смағұлұлы

Парламенттің өрісі – кең,

Төрі – ем.

***

Депутаттың шынығар жері – сайлау.­

Тынығар жері – Мәжіліс.

***

Мәжіліс – депутаттың анасы,

Қажет болса – панасы.

***

Депутаттың белгісі –

Аз істер де көп ұйықтар.

***

Депутаттың сөзі көп,

Бірақ ештеңемен ісі жоқ.

***

Қалаулыда қылық жоқ деме,

Бастықта былық жоқ деме.

***

Елге сайлау болды,

Сайлау – қалаулыға жайлау болды.­

***

Депутат дауыс жинарда шынығады,

Мәжіліс отырысында тынығады.

***

Қырық өтірік сайлауда шығады,

Шындықты шыңырауға тығады.

***

Депутатты «сайрай бер» деп дауға қой,

Министрді «сата бер» деп малға қой,

Ал халықты қару беріп жауға қой!

***

Үш рет депутат болсаң да,

Халықтың қарызынан құтыла алмайсың.­

***

Депутат елге қарайды,

Ел жерге қарайды.

***

Ұйқысын көріп,

Депутатыңды таны.

***

Депутат дауыс санайды,

Мұғалім мұрны қанайды.

Осы былық-шылықтан

Елдің қаны қарайды.

***

Ұйқысы қаттыға

Депутат деп қара.

Ермахан  ШАЙХЫҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: