Мәжіліс депутаттығына тіркелген кандидат Мақтанбай Уәдебайұлы сайлаушылары алдында тұр.
– Депутат болсаңыз, халықтың жағдайы жақсара ма? – деп сұрады біреу.
– Иә, сөйтем, бүйтем, сөйтем, бүйтем! Сөйткенде сондай болады, бүйтсем, сондай болады, сөйтемін, бүйтемін. Сөйте беремін, бүйте беремін.
– Кешіріңіз, депутат болып кетсеңіз, неден бастайсыз?
– Сөйтуден бастаймын, бүйтуден бастаймын, сөйтем, бүйтем, сөйтем, бүйтем, сөй… сөйтем..
– Әшейін уәде болып қалмай ма? – деп сұрады тағы біреу.
– Оо, сөйтем ғой, бүйтем ғой, сөйтем, бүйтем, сөйтем, бүйтем.
– Жаңа Қазақстан қандай болады?
– Сондай болады, мұндай болады, сондай болады, мұндай болады, сондай болады, мұндай болады!
– Ұлтын сүйген кандидаттарды аяқтан шалу неге жалғасып жатыр?
– Олар сөйте алмайды, олар бүйте алмайды, сөйте алмайды, бүйте алмайды, сөйте алмайды…
– Ауылға газ, су келе ме?
– Сөйтіледі, бүйтіледі, сөйтіледі, бүйтіледі, сөйтіледі, бүйтіледі…
– Жемқорлар тиыла ма?
– Сөйтіп жібереміз, бүйтіп жібереміз, сөйтіп жібереміз, бүйтіп жіберміз! Сөй… сөй…
Халық тарады. Бір-біріне қарады. Олар да: «Сөйтеді екен, бүйтеді екен, сөйтеді екен, бүйтеді екен!» деп сыбырласып бара жатты. Иә, сөйтеді екен, бүйтеді екен, сөйтеді екен, бүйтеді екен!
Мұхтар ШЕРІМ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!