Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бұрын бізді…

23.02.2024, 8:00 98

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі  әзіл

Бұрын бізді,

Құттықтайтын,

23-ші ақпанда,

Қыздар қыста,

«Ыстықтайтын»,

Сүйіктісін тапқанға…

Бұрын бізді,

Құттықтайтын,

Үй біткенді аралап,

Ол үйлерден,

Құр шықпайтын,

Жүргенім жоқ, табалап,

Бұрын бізді,

Құттықтайтын,

Қазіргілер түк ұқпайтын…

«Открытка» жазып беретін,

Сүйіктіңе ысқырсаң,

«Өлә, жәша ма? деп,

Жетіп келетін.

Бұрын февраль дейміз,

Бешір жасап,

Еттен асап,

Лимонад ішіп,

Кеудеміз «ісіп»,

Бауырсақ жейміз…

Бұрын, 23-ші ақпанда,

Бешір болатын,

Кейде төбелес шығып,

Аяғы: «Кешір, кешір» болатын,

Кейде бешірге,

Тышқақ лақты соятын,

Кез болды,

Қуырдаққа тоятын,

Бір қыздың апасы,

Сол бешірге,

Жібермей қоятын…

Бұрын, 23-ші ақпанда,

Қыздар кітап сыйлайтын,

Түстің бе, деп, «қақпанға»,

Құрбысына кимайтын,

Бұрын бешірде,

Бәрі есімде,

Әртүрлі ойын болатын,

Ертеңіне қой кезегі,

Маңыраған қойың болатын,

Бұрын, бұрын қыз ернінен,

Апай-топай сүймейтінбіз,

Жынды көбелек сияқты,

Отқа бекер, күймейтінбіз,

«Тағы бір билейікші?» деп,

Ортаға жай сүйрейтінбіз…

Дей алмаймын,

Күндеріміз шыжық еді,

Бәрібір, жастық шағымыз,

«Мынауский!» қызық еді!

Мұхтар  ШЕРІМ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: