Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нені айту керек, нені айтпау керек?

31.01.2020, 17:35 786

Жақсы көретін адамға мынадай сөздерді айтуға болмайды:

«Мен саған айттым ғой; Тура шешең сияқтысың; Қабағың бір ашылмайды; Сөзің бастан-аяқ өтірік; Бәріне сен кінәлісің; Есіңнен адастың ба? Ылғи шағымдана бересің; Мен не істесем де саған жақпайды; Сауап бопты; Неге ешқашан мені тыңдамайсың? Сәл жауапкершілік алмайсың ба? Не ойлағансың? Болмай қалғыр адамсың ғой; Сен маған не үшін керексің осы? Саған таң атқанша бәрін түсіндірсе де, түк түсінбейсің; Не істегім келеді, соны істеймін; Ұнамаса, кете бер: мен сені ұстап тұрғам жоқ; Сен маған ешқашан жақсылық жасаған емессің; Сөзіңнің пәтуасы жоқ; Қарақан басыңды ғана ойлайсың; Шын жақсы көрсең, соның бәрін істер едің; Барып тұрған ақымақсың; Сен ешқашан өзің біліп ештеңе демейсің; Тыныштандыратын дәрі іш; Бұдан мағыналы не көріп тұрсың? Мен сені түсінбеймін; Саған өзіңдікі дұрыс болса болды ғой!».

Жақсы көретін адамға мына сөздерді айту керек:

«Тамаша жасапсың; Сен ғажапсың! Бәрі керемет өтті! Бүгін ерекше сүйкімді боп тұрсың! Сенсіз әлем бос қалды; Жылдар бойы мен үшін жасаған жақсылығың үшін мың алғыс! Сен – менің өмірімдегі ең басты адамсың! Бала да, жұмыс та, достар да емес, тек сен маңыздысың; Саған үйленгенім үшін бақыттымын! Сен менің жан досымсың; Бәрін басынан бастасақ, тағы да саған күйеуге шығар ем; Бүгін сенің жаныңда қала тұрайын; Сені сондай сағындым; Күні бойы тек өзіңді ойладым; Сенің құшағыңда оянған неткен бақыт! Тек сені сүйіп өтем; Сен жымиып тұрғанда көзіңе қарай бергім келеді; Бүгін өте сұлусың, әдеттегідей! Саған сенемін! Саған әрдайым арқасүйеуге болатыны қандай жақсы! Сенің тірегің болғаным үшін мақтанамын! Кешір, қателесіп кетіппін! Қалауыңды айта ғой? Не ойлағаның бар? Жай, сені тыңдағым келді; Сен өзгешесің! Сенсіз қалай өмір сүретінімді елестете алмаймын; Сенің жаныңда ең жақсы адам болғым келеді! Қалай көмектесейін? Мен үшін дұға жасашы; Мен сен үшін дұға қылдым! Екеуміз бірге өткізген әр сәт мен үшін құны жоқ ғажап сәт! Мені сүйгенің үшін мың алғыс! Мені бар болмысыммен қабылдағаның үшін алғысым шексіз! Әрдайым қасымнан табылғаның үшін көп рақмет! Сенің жаныңда әр күн ғажап!».

Бруно Ферреро

Аударған  Шынар  Әбілдә

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: