Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәңгі өмір сүретін жалғыз тіршілік иесі

02.11.2023, 9:00 256

HALYQLINE.KZ

Британдық ғалымдардың «Turritopsis nutricula» («сиқыршы») деп аталатын медузаны ашуы ғаламда мәңгі жасайтын тіршілік иелері жоқ деген идеяны жоққа шығарды. Бұл жұмбақ жаратылыс өзін-өзі қалпына келтірудің теңдесі жоқ қабілетіне ие және ғалымдардың пікірінше, шексіз жасарту қабілеті оны мәңгілікке айналдырады екен. Бүгінгі таңда ол – өзін осылайша жасарта алатын фаунаның ғалымдарға белгілі жалғыз өкілі.

Британдық әлеуметтік желілердің хабары бойынша «Turritopsis nutricula» медузасы жылы тропикалық суларда өмір сүреді және өлшемі – небәрі 4-5 миллиметр. Медузаның басқа түрлерінен айырмашылығы, бұл медуза жұптасқаннан кейін өлмейді, керісінше дамудың «кәрі» кезеңінен «бала» кезеңіне қайта оралады, осы арқылы өзін жасартады. Осы арқылы теориялық тұрғыдан медузаның бұл түрі өлмей, мәңгі өмір сүре алады.

«Қазір теңіз биологтары мен генетиктер медузаларды арнайы зерттеп жатыр. Ғалымдар жасушалардың бір пішіннен екіншісіне айналу процесінің құпиясын ашу үшін жұмыс істеуде. Егер жұмбақ шешілсе, адамдарға мәңгілікке болмаса да, ұзақ өмір сүрудің жолы табылады дейді. Бүгінде биологтар мен генетиктердің ешқайсысы мәңгі өмір сүре алмайтындықтан, эксперименттің соңына дейін тірі бола алмайтыны өкінішті» дейді.

Иә, бұл да бір кем дүние.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дерекөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: