Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

#Карантин#

18.05.2020, 9:27 344

Өмірде кездескен-ді талай қиын,

Ойпырмай, оқшаулану қалай қиын!

Ағайын-туыс түгіл көршімен де,

Қатыстырмай қойдың-ау карантин.

Ойпырмай, оқшаулану қалай қиын,

Кейінге шегерілді-ау талай жиын.

«COVID»-пен күресуге көп бөлінді,

Тәжілі тұмау үшін талай тиын.

Жастары ұлғайғанға қалай қиын,

Соларға тарту етті талай «сыйын».

Бар әлем бір тарының қауызына,

Сиярдай болды түрлі талай тыйым…

Ойпырмай, карантин қалай қиын!

Қазыбек

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: