Дана ақсақал немересін хайуанаттар паркіне алып барды.
— Ана маймылдарды көрдің бе?
— Иә, әрине, көріп тұрмын.
— Ана біреуін байқадың ба, бір сәт үнсіз отыра алмай басқа маймылдардың үстінен бит, бүрге іздеп тазалауда.
— Иә, байқадым.
— Ол «іздеуші» маймыл! Ол басқалардың бәрі биттеп кеткен деп есептеп, оларды бүргеден тазарту керек деп ойлайды.
— Ал басқалары ше?
— Олар ештеңе істемейді, кейде қасынады, кейде қояды…
— Ал»ізденуші» маймылдың өзін кім бит пен бүргеден тазалайды? — деп сұрады немересі.
— Ешкім тазаламайды, сондықтан олардың іштеріндегі ең көп биттеген де маймыл – соның өзі, — деді атасы.
Жүрсін Кәрімнің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!