Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Халық» – Сыр медиасындағы оқылатын бірден-бір басылым

21.07.2020, 11:25 753

Республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газетінің отымен кіріп, күлімен шығып жүргенімізге де 4 жыл болыпты. Биыл – газеттің 20 жылдығы. Осы аралықта газетке, журналистикаға қатысты көптеген қызықты оқиғалардың куәсі болдық­. Соның біреуін қағазға жазып қалдыр­сам  деймін.

Шынын айту керек, бүгінде «газетті кім оқиды?» деген сұрақ көп жерде қойылады. Тағы да шынын айту керек болып тұр. Газет о-қы-ла-ды! Кесімді пікір айту үшін өзінің емес, өзгенің де мүмкіндігін бажайлаған дұрыс шығар деймін ғой. Рас, оқырман сұранысына қарай,  интернет-журналистика дамыды.

Бірде танысым менің жұмыс орнымды нақтылай сұрады.

– «Халық» газетінде жұмыс істеймін.

– Сонда не істейсің, газет тасисың ба?

– Жоқ, журналиспін.

– Не жаза бересіңдер?

– Жазуға келетіннің барлығын.

– Мені де шығарсай, мен туралы жазып ше…

Осы уақытта менде сәл үнсіздік орнады. Жай күлдім де қойдым. Сол уақытта ол қайта бастады.

– Қазір газетті кім оқиды дейсің?

Сонда мен де қитұрқылыққа бастым да:

– Айтқандай, жаңа сен «мені газетке шығарсай» дедің емес пе? Былай жасайық, «Халық» газеті – саяси бағытта жазады әрі тәуелсіз газет. Әкім туралы­ бір сыни материал жазып жатыр едім. Соған­ әкім қандай жұмыс істеуі керек, қайтсе жұмыс алға басады, т.с.с. ой-пікіріңді, аты-жөніңмен, керек болса, суретіңмен бірге шығарайық.

– Ой, қой, жұмысыма зияны тиіп кетер!

– Жоға, оны бәрібір ешкім оқымайды ғой…

Арғы жағындағы диалогты жалғастыруға ниетті емеспін. Бірақ, бір адамды болса да сабасына түсіргенім анық. Құрметтілерім, өзгенің қызметіне­ де құрметпен қарайық! Иә, бір уақытта пайда табу мақсатында газет-журналдар қаптап кеткені де рас. Көптің ішінде ала да, құла да болатыны айтпаса да түсінікті жайт.

«Халық» газеті 20 жылдан бері халықтың жоғын жоқтап келеді. Еңкейген болар, бірақ жығылмауға тырысты, қисайған шығар, бірақ құлаған жоқ. Өзіндік оқырманы бар, айтары бар газет. «Халық» газеті – Сыр медиасындағы оқылатын, оқырман өздігінен жазылатын бірден-бір басылым. Жаңа жасың  жақсылыққа  бастасын, сүйікті  газетім!

Рыскелді   ЖАХМАН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: