Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін – осы жылдың ең ұзақ түні

21.12.2022, 16:20 294

HALYQLINE.KZ

Бүгін, 21 желтоқсанда, табиғатқа қысқы тоқырау күні келеді немесе нағыз астрономиялық қыс басталады, деп жазады ҚазАқпарат.

Астрономдардың есебінше, күндізгі жарық молая бастайтын сәт 21 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 21:58-де келеді.

Бұл – жылдың ең қысқа күні, ал алдағы түн – ең ұзақ түні болады.

Бүгін Күн өзінің эклиптикасының ең төменгі (оңтүстік) (Солтүстік жарты шар үшін) нүктесінде, ал күндізгі жарық уақытының ұзақтығы жылдың ең қысқасы болады.

Күн бұл биіктікте бірнеше күн бойы сақталады.

Мысалы, Астанада бүгін, 21 желтоқсанда күн сағат 9.15-те шықты, 17.08-де батады.

Күннің ұзақтығы 7 сағат 53 минут болады.

Ертең, 22 желтоқсанда күннің ұзақтығы бұрынғы деңгейде сақталады, ал 23 желтоқсанда күндізгі сағат 1 минутқа артады.

Жылдың соңғы күні, 31 желтоқсанда күндізгі уақыт 7 сағат 58 минутқа созылады.

Адамдар қыстың күн тоқырауын әрдайым жақсы болашақ, жаңару, жарықпен байланыстырады, өйткені күннің қараңғы уақыты азаяды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: