Әлемдегі көптеген ел Григориан күнтізбесін пайдаланады. Мұның негізін Рим императоры Юлий Цезарь бекіткен. Алғашында «әр айда 30 немесе 31 күн кезектесіп келуі керек» деп ұйғарған. Бірақ, бұлай еткенде бір күн жетпей қалғандықтан римдіктер «жаздың үш айы да 30 күннен болсын» деп шешкен.
Юлий Цезарь өлгеннен кейін император туған айға оның есімі беріліп, шілде айы «июль» деп атала бастайды. Цезарьдің құрметіне берілген айда 30-ақ күннің болуы оны сыйламағандық болар деп Рим сенаты бұл айға 31 күн береді. Осы кезде тағы бір қолайсыздық туды. Римді Цезарьдің жиен немересі Август басқарып тұрған кезде август-тамыз айы қалайша 30 күн болмақ? Бірақ, бұл айға күнді қайдан алу керек? Ойласа келе, бұл күндер қыстың уақытын азайту үшін оның ең соңғы айы – ақпаннан алуды ұйғарыпты.
Данияр ҚЫДЫРБЕК
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!