Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аң-құстардың өмір сүру ерекшеліктерін білесіз бе?

25.10.2020, 11:00 1459

HALYQLINE.KZ

Білмесеңіз, қараңыз!

Олардың өмірі тіпті қызық!

Күшті!

1. Мысалы, арыстан баласын туғаннан кейiн бiрнеше күн бойы көтерiп жүредi. Себебі, осы тәсіл арқылы ол өз баласын ұсақ жәндiктер мен шаң-тозаңнан қорғайды. Баласы әбден әлденгенше ол оны қорғаумен болады. Арыстан оны бiреу аңдып тұрғанын сезсе, құйрығымен iзiн жасырады екен.

Ақыл-есі жоқ аңға мұндай қорғанысты кім үйретті деп ойлайсыз?

Әрине, Алла тағала!

2. Түлкі ше?

Түлкі қу болады ғой) Ол қарны ашқан кезде аяқтарын көтерiп дем алмай біразға дейін жатады екен. Бұлай жатқан түлкінің сәлден кейін денесi iседi. Құстар түлкiнi өлген екен деп ойлайды да оған жақындаған кезде, түлкi олардың бiреуiн шап беріп ұстап алып, жеп қояды. Міне, қулық!) Сонымен бiрге түлкi жараланған болса, табиғи бiр сұйықтықты (медициналық мазьға ұқсайтын) тауып алады да, оны жарасына жағады екен. Оған мұны үйреткен кiм?

Ойлану керек)

3. Енді піл.

Пiл өзінің баласын жердің үстінде емес, судың iшiнде дүниеге әкеледi екен. Қызық иә?!

Сосын тағы бір ерекшелігі бар.

Піл баласын түрегеп тұрған күйі туады, себебi оның дене құрылымы басқалардан өзгеше және ол дүниеге келетін баласы үшiн уайымдап, ол қатты жерге соғылып қалмауы үшін әдейі судың iшiне кіреді.

Оған мұны кiм үйреттi?

Әрине Жаратушы!

4. Шымшықтардан да ғибрат алуға болады. Себебі, шымшықтардың арасындағы әлсізі, кішкентайы құлап түссе, үлкендері жиналып, құлап қалған балапанды айнала ұшып, оның көтерiлiп, ұшып кетуiне көмектеседi.

Ғажап қой иә?!

Алла тағала әр нәрсені өзіне тән ерекшелікпен, қасиетпен жаратқанына тағы бір дәлел!

Құранда бұл туралы:

«Жер бетіндегі барлық жаны барлар мен ұшатын құстар – сендер секілді қауымдар. Біз бұл Кітапта еш нәрсені қалдырмай, бәрін жаздық. Содан кейін олар Раббысының алдына жиналады» («Әнғам» сүресі, 38-аят).

«Біздің Раббымыз әрбір нәрсеге жаратылысын, бейне-бітімін берген және олардың жолдарын белгілеп көрсеткен», – делінеді. («Та Һа» сүресі, 50-аят).

Зәуре  Дәулетова.

Интернеттен  алынды.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: