Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысының орынбасары мен Білім басқармасының басшысы аудандарды аралады

16.08.2022, 9:05 706

Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет жұмыс сапарымен Қармақшы, Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандарында болып, жаңа оқу жылына білім беру нысандарының дайындық барысын пысықтады.

Облыс әкімінің орынбасары мен басқарма басшысы Қармақшы ауданындағы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №121, №85, №28 мектептеріне және 2017 жылы салынып, бүгінде іргетасы сөгілген №5 Айгөлек балабақшасына барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Мұнан соң Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округіндегі №118 орта мектепке жүргізілген күрделі жөндеуді көріп, Ақтерек сауықтыру лагеріне жөндеуден өткізу жайын талқылады. Сонымен қатар жаңадан салынған 200 орындық Оқушылар үйінің жұмысымен танысты.

Құрылысты жүйелі жүргізу, оны сапалы әрі дер кезінде аяқтауды қадағалау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Жаңақорған ауданы, Ақүйік ауылдық округіндегі №55 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын көрді. Одан кейін кент орталығындағы «Маи бекеті» мен «Ипподром» мөлтек ауданындағы 300 орындық мектептердің құрылысы мен жаңа оқу жылында пайдалануға берілгелі жатқан №169 орта мектебінде болды.

Ары қарай жұмыс сапары Шиелі ауданында жалғасты. Онда Бидайкөл ауылындағы №148 орта мектеп ғимараты жылу қазандығын табиғи газға ауыстыру жұмыстарының барысы мен №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейге қажетті қосымша 300 орындық қосымша ғимарат салу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, №133 негізгі мектеп ғимаратының жағдайын көріп, 100 орындық жаңа мектептің құрылысын салу жөнінде тиісті ұсыныстарды жан-жақты зерделеп, қарау қажеттегін жеткізді. Мұнан соң Шиелі индустриалды-аграрлы колледжінің алдағы оқу жылына дайындығын, №155, №251 мектеп ғимараттарының шатырларын және ішінара шатырлары ұшып кеткен білім нысандарының төбе жабындыларын тез арада қалыпқа келтіру керектігін тапсырды.

Сонымен қатар Сырдария ауданындағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын пысықтау мақсатында №126, №210, №132 мектептерін жай-күйін көріп, қыркүйек айына дейін жөндеу, тазарту жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: