Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Африкалық жас жұбайлар неге төбелеседі?

10.09.2021, 11:30 371

HALYQLINE.KZ

Ажырасуды азайтудың ең тиімді жолын Орталық Африканы мекендейтін Бахуту тайпасы ойлап тапқан… Жаңа үйленген жас жұбайлар алғашқы түні біздегідей төсекке ұмтылмайды. Жатпақ түгілі, тізе бүгуге тыйым салынған. Екеуі таң атқанша төбелеседі. Таң бозара төбелес тоқтап, келін әкесінің лашығына барып кешке дейін ұйқыны соғады. Кешке жігіттің лашығына келіп төбелесті жалғастырады. Осылайша жас жұбайлар төбелестен пайда жоқ екенін түсінгенше төбелеседі. Кейде төбелес 1 аптаға созылуы мүмкін…

Қытайда қызға қарағанда жігіт көп. Сол себепті жігіттер фигурасы онша емес болса да үйленетін қыз тапса, бақа сойып, қуанып той жасайды. Бұл – бір отбасына бір бала саясатының салдары. Әл-ауқатты ата-ана құрсақта пайда болған нәрестенің қыз екенін білсе, оны алдырып тастауға әрекеттенеді екен. Бұл енді УЗИ пайда болғалы осылай.

Ал Үндістанда керісінше қыз көп, мүмкін содан шығар, жігіттер мен ұлы бар ата-ананың көкіректері аяққаптай. Өйткені үйлену тойының барлық шығынын қыздың әке-шешесі төлейтін көрінеді. Тіпті күйеу баланың тойға киетін кәстөміне дейін бейшара қыздың әкесі сатып әперетін жаман әдет бар екен. Егер қыздың ата-анасы кедей болса немесе жоқ болса, ол қыздың тұрмысқа шығу мүмкіндігі аз дейді білетіндер. Бұл жағдай қыздың қадірін кетіруге, оның өзін де, ата-анасын да сыйламауға апаратынын үнділердің өздері де жақсы біледі, бірақ ұлттың әдет-ғұрпына, салт-санасына кім қарсы тұрмақ, еріксіз бағына береді. Адам болған соң, ағайынның пыш-пыш сөзінен қаймығады. Енді қайтсін?

Сол Үндістанда Махеш Савани атты алмаз өндірісінің магнаты жетім қыздарға үйлену тойын жасап беруді дәстүрге айналдырыпты. Ол жақында бір мезгілде 271 қыздың тойын өткізіпті. Ол бұл қайырымдылықты 2010 жылдан бері жасап келеді екен. Сол жылы алғаш рет 23 қызды бақытқа жеткізсе, осы күнге дейін 3172 қыздың тойына ақша беріпті. Әрине, тойда өзін әке ретінде таныстырады екен.

Ақпараттар  әлеуметтік  желіден  алынды.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: