Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Адамзаттың 5 жауы

08.08.2021, 11:00 983

HALYQLINE.KZ

Қазіргі әлемдегі өмір ережелері ерте кездегі ұстаныммен бірдей бола алмайды деген әңгімелер көп айтылады. Алайда, VIII-X ғасырларда алғаш жарық көрген және оның нешінші көшірмесі екендігі де анық емес көне бір жазбада адамзатты құтқаруға тиісті жаулар нақты көрсетілген екен. Адамның бес дұшпаны бар, олар бірінен соң бірі келеді және оларды жеңу маңызды дейді көне жазбада.

1. БІРІНШІ ЖАУ – қызғаныш, өсек, жала. Адам өзінің атына айтылмаса болды, өзіе байқамай таныс емес адамдарды өсектеп жамандауға қатыса береді де, өзін жамандаса ұнатпайды, әрі шексіз ашуланады.

2. Шағым, реніш – бұл КЕЛЕСІ ЖАУ. Ертеде шағым жасау, ренішін айтуды құпия кек деп атайтын. Бірақ қазір жай шағым деп атайды да, ренжіген шығар, ренжіткен шығар деп көп маңыз бермейді. Бірақ бірнеше ғасыр бұрын реніш- шағымдардың адамды іштей бұзып, оларды құртуы да мүмкін деп қараған және оны жақсы білген. Реніш-шағымдар адамдар арасындағы ынтымақтастықты, қоғамдағы тығыздықты шынымен бұзуы мүмкін. Сіз де бұл туралы ойланыңыз.

3. ҮШІНШІ ЖАУ – өзін-өзі ақтау және сылтау айту. Өзінің іс-әрекетін ақтау және ештеңе жасамауға сылтау келтіру адамды жойып жіберуі мүмкін. Неге ештеме істемейсің, неге әрекет жасамайсың? «…ауырып тұрмын», «жасым кетіп барады», «үлгере алмаймын» деген сияқты таусылмайтын сылтауларды адам күнделікті сан рет айтады.

Неліктен ол емделмейді? Неге шара қолданбасқа? Мұның артында тек жалқаулық жатыр. Адам бір рет ғана өмір сүреді. Сақтандыру, запас өмір деген жоқ.

Жоғарыдағы жазбада өсек-жала дегеніміз қарғыс, реніш-шағым да қарғыс, өзін-өзі ақтау да  қарғыс деп жазылыпты.

4. ТӨРТІНШІ ЖАУ – кек сақтау, кек алу. Кек алудың ішінде басқаларды жамандау, жала жабу, реніш, өзін ақтау қатарлы наразылықтың себептері тіптен зорайып бұғып тұрады. «Көремін сені!», «… қара да тұр!» деген сөздердің тасасына қарғыс сіңіріліп, содан кейін қайта өзіне қарай шапшитын қарғысты шақырып тұрады.

5. БЕСІНШІ ЖАУ – бұл жалқаулық! Жоғарыдағы төрт жаумен бірлесіп өзін-өзі жоюдың таңғажайып көрінісі. Мұндай адам «шаршадым, шаршадым, шаршадым» деген сөздер аузынан түспей, шығу жолын таба алмай, суаруға болмайтын, өліп бара жатқан өсімдік секілді болады.

Адамның бес жауының бәрі де қарғыс. Өкінішке қарай, бұл қарапайым адамдарға тән қасиеттер екендігі тіптен қорқынышты.

Сондай-ақ, әлгі жазбада арман-мақсатсыз адамды – өліп бара жатқан адам деп атап, ал Құдай мұндай адамдарға тек өлместің күнін көруі үшін ғана энергия мен қаражат бөліп тұрады депті.

Сонымен қатар, бұл бес жауға тұтқын болған адам ештеңе жасамауды ұнататын және ашушаң, ақталғыш, өкпешіл және жалқау адам деп анықтап, бұл жағдайдан шығу үшін жолын аштыруға кеңес беріп, ең негізгісі адам өзімен жұмыс істеуі дұрыс депті.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: