Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Еңбек ауылы маңында қарғын су бейіттерді шайып жатыр,- деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл оқиғаға туралы әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада баяндалған.
“Мынау Еңбекті зират қой, кірген кездегі сол жақта тұрған. Мына жерде жаңадан қойылғандардың бәрін су басып кетіпті. Кімнің жақын арада таныстары, туған-туыстары болса осында келіп тексеріп кетсін. Мынаның бәрін жауып шыққанға шамам келмейді ғой. Қабірлердің ішіне су толып кеткен. Мына суды басқа жаққа бұру керек пе? Бірдеңе істеу керек”– деп шырылдады бейнежазба авторы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!