Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

“Үздік аула-2025” байқауына өтінім қабылдау басталды

09.06.2025, 10:16 257

Қызылорда қаласында қала күнін мерекелеу аясында «Үздік Аула» байқауын өткізу дәстүрге айналған үрдіс. Биыл бұл байқау сегізінші мәрте өткізілуде.

Байқау шарты бойынша жасыл-желекті көпқабатты тұрғын үйдің ауласына ғана емес, жеке тұрғын үйдің сыртқы аумағына да өз еңбегімен еккен қала тұрғындары қатыса алады. Ол үшін инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілері арқылы #Qzo #Qyzylorda #Үздікаула2025 хэштегтерін міндетті түрде пайдалана отырып, «Сүйікті қалам – Қызылорда» тақырыбында жылы лебізін жолдап, көгалдандырудағы тәжірибесімен бөлісіп, өз парақшасында сапалы суреттер мен 16:9 форматындағы видеоны жариялауы қажет.

Байқауға материалдар 3 маусым мен 31 тамыз аралығында қабылданады.

Байқаудың қорытындысы комиссия шешімен анықталып, қала күніне арналған салтанатты іс-шарада марапатталады. Бұған дейін жеңімпаз атанған аулалар байқауға қайта қатыса алмайды. І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: