Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сол жағалауда жол жабылады

13.04.2025, 2:02 125

Астана қаласының сол жағалауында жол жабылады. Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Алматы көшесінің орташа жөндеу бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты 13-25 сәуір аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылмақ. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.

Ведомство жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрады.

“Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз”, – делінген мәліметте.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: