Құрметті облыс тұрғындары және қонақтары!
2024 жылғы 30 мамырда жергілікті уақытпен сағат 17:00-де «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету.
Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, құқыққорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, сот орындаушылары және т.б. бар. Неғұрлым толық және нақты кеңестер алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келуіңізді сұраймыз.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі №21 А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!