HALYQLINE.KZ 2022 жылдың 06 сәуір күні сағат 09:00 ден 12:00 (жергілікті уақыт) аралығында Қызылорда қаласы «Қызылорда су жүйесі» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК, «Бастоган» су қоймасы аумағында терроризм актілерін алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығулары өткізіледі. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб іс-шараның жоспарлы сипатқа ие екенін және күрделіліктің түрлі элементтерін қолдана отырып барынша жақындатылған оқу-жаттығу болып табылатынын хабарлайды.
Іс-шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облысы жедел штабы күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.
Облысымыздың қонақтары және тұрғындарынан автокөліктердің қозғалысындағы уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, сабырлық сақтауды және тек ресми ақпаратты ғана басшылыққа алуды сұраймыз. Біле тура жалған ақпарат таратудың ҚР ҚК 274 бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!