Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда теледидар мен радио хабар тарату тоқтатылады

15.10.2025, 13:10 127

Қазақстанда теледидар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

“Қазтелерадио” АҚ мәліметінше, өшіру жұмыстары 16 қазан күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жоспарланған.

Компанияның түсіндіруінше, бұл уақытта биылғы жылдың төртінші тоқсанына арналған жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында қызметтер уақытша тоқтатылады.

“Жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстан аумағы бойынша теле- және радиоканалдардың қайта таратуы уақытша тоқтатылады”, – делінген хабарламада.

“Қазтелерадио” атап өткендей, бұл шаралар телерадиохабар таратудың сапасын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Фото: freepik.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: