HALYQLINE.KZ Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында 3 сәуір күні Қызылорда қаласында барлық аудан және Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ өтеді.
Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері қала тұрғындарына нарық бағасынан 15-20 пайызға төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.
Жәрмеңке Астана даңғылы бойында (Е.Көшербаев көшесі мен А.Иманов көшесінің аралығы) өткізіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!