Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Су тасқыны қаупі бар аймақтар аталды

11.03.2025, 15:55 118

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында көктемгі ауа райы болжамының жаңартылған деректерін ұсынды,-деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, биыл наурыз және сәуір айлары әдеттегіден жылы болады деп күтіледі. Сонымен қатар, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері көп түседі. Бұл көктемнің ерте келуіне және су тасқыны қаупінің артуына әсер етеді.

Су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қатарында: Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Ұлытау және Абай облыстары бар.

Қауіптілігі орташа өңірлер: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары.

Тасқын қаупі төмен өңірлер: Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары.

«Биыл Қазгидромет алғаш рет әр облыс бойынша егжей-тегжейлі анықтамалар дайындады. Бұл анықтамаларда гидрологиялық бекеттер бойынша су деңгейінің және ағысының күтілетін ең жоғары мәндері, ағын көлемі және сондай-ақ қауіп аймағында орналасқан елді мекендерді көрсете отырып, болжамды басталу күндері көрсетіледі. Сондай-ақ өткен аптадан бастап Қазгидромет апта сайынғы гидрологиялық болжамдарды шығара бастады. Гидрометеорологиялық жағдай күрт өзгеретін болса «Қазгидромет» ескертулерді 2-3 тәулік бұрын хабарлайды»,- деді Ерлан Нысанбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: