Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жас кәсіпкердің жаңа жобасы

19.08.2024, 11:45 877

«Ауыл аманаты» жобасы ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға және нарықты сапалы жергілікті өніммен қамтамасыз етуге серпін беруде. Аталған бағдарлама аясында жаңа жобаны бастағандардың қатарында Қосшыңырау ауылдық округінің тұрғыны Ербол Құдалша бар.

Жас кәсіпкер ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі бағыттардың бірі – «Құс етін өндіру» жобасын әзірлеп, 8,6 млн. теңге көлеміндегі жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Бұл қаржыға құс фермасының ғимаратын салып, 1500 дана бройлер балапанын күтімге алды. Шөжелер 30-35 күн ішінде 2-2,5 келіге дейін ет береді.

Жалпы, құс фабрикасының жобасына несие қаражатынан бөлек 7 млн. теңге инвестиция тартылған. Фабрика сыйымдылығы 1500-2000 құсқа арналған 1 бордақылау, сою, қалдықтарды өңдеу цехтарынан және әкімшілік ғимаратынан тұрады. Қазіргі таңда құс фермасының екінші ғимараты қасапхана бағытында салынуда. ​

Кәсіп иесі алдағы уақытта облысқа қарасты аудандарды да тауық етімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: