Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жосалыда жаңа демалыс жағажайы ашылды

23.07.2024, 9:30 190

HALYQLINE.KZ

Жосалы кентінде Сырдария өзені бойынан жаңа демалыс орны пайдалануға берілді. Бұл жаңа демалыс орны аудан тұрғындары мен қонақтарға жайлы демалыс жағдайын ұсынады. Бұл туралы Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Демалыс орнында балаларға арналған екі үлкен бассейн, қазақы киіз үй бар. Келушілерге арналған жағажайлық волейбол алаңы, суға түсуге арналған жүзу құралдары және күннен қорғайтын күнқағарлар мен түрлі жабдықтар да қарастырылған.

Демалыс орнында суға түсу маусымындағы қауіпсіздік шаралары толық сақталады. Сондай ақ, арнайы құтқарушылар келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жалпы суға шомылу маусымында аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша аудан әкімінің тапсырмасымен суға шомылуға белгіленбеген орындарда тұрақты түрде рейд жүргізіліп келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: