Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Туризмді дамыту мүмкіндіктері қаралды

31.10.2023, 14:40 432

HALYQLINE.KZ

Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықтың шамадан тыс несие алуын азайту, Қазақстанда туризмді одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

Жиналысқа қатысушылар Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті ведомство басшылары баяндама жасап, атқарған жұмыстары мен шешімін күткен түйткілдерге тоқталды.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп, тұрғындардың қаржылық сауатын арттыру маңыздылығын атап өтті.

«Халықтың есепсіз несие алуын азайту – бүгінгі күнгі өте өзекті мәселе. «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының ауқымын кеңейту жөніндегі Жол картасы бекітілді. Облыс орталығы мен аудандарда жобалық кеңселер құрылып, ғимаратпен қамтылды. Қала мен аудандар бойынша тиісті жұмыстарды атқаратын жауапты тұлғалар бар. Алдағы уақытта өңірлік жобалық кеңседе азаматтардың проблемалық қарыздарына қатысты мәселелерді шешу, жұмыспен қамту бойынша кеңес беріледі. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, яғни Жол картасынан туындайтын талаптардың орындалуын қадағалау қажет», – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстағы киелі орындардың айналасын абаттандыру, олардағы инфрақұрылымның қолжетімділігіне баса назар аудару тапсырылды. Турист санын көбейтудің жолдары мұқият зерттелуі тиіс. Нұрлыбек Машбекұлы әрбір сала басшысы, қала, аудан әкімдері өңірдің инвестициялық әлеуетін, туристік тартымдылығын арттыру және көрікті жерлердің ерекшелігін жан-жақты насихаттау шараларына жіті мән беру қажеттігін ескертті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: