– Саяхат сізге не береді?
– Саяхат – мен үшін ерекше терапия. Барған елімді мынау жақсы, мынау онша емес деп бөлмеймін. Себебі әр сапарға шығу үшін тер төктім, уақытымды бөлдім, зерттедім, армандадым, мақсат еттім. Сондықтан, ұшақтан түскенде позитивті жаныма серік етемін. Мен үшін әр саяхат – сабақ. Әр сапарым сабырлыққа жетелейді. Саяхаттаудың арқасында ақшаны басқарып үйрендім. Тапқан қаржыны орынды жұмсау, саяхатқа ақша жинау, үнемдеу, дүние емес, паспортқа штамм жинауды түсіндірді. Саяхат мені талай тәуелділіктен құтқарды. Стереотиптерді, комплекстерімді жойды. Адамды алаламауға, барлығына тең қарауға үйретті. Біреуге қамқор болуға, бар білгеніңді үйретуді, бөлісуді тоқытты. Сондай-ақ, саяхат менің білімге деген тәбетімді ашты. Оқысам, білсем, көрсем, әлемді танысам деген аштық әлі бар. Әр қала, әр сапар – бір кітап. Сапардың әр сәті санамдағы «сөрелерде» жинаулы тұрады.
Жиһангер Руслан Меделбектің «Халық» газетіне
берген сұхбатынан үзінді.
Сұхбатты толық оқи отырыңыз:
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!