Қызылордалық жас кәсіпкер бірнеше рет пайдаланатын жөргек шығара бастады. Ол осылайша қоршаған ортаны ластайтын қоқысты да азайтуды мақсат еткен. Мәселен, орташа есеппен бір бала үш жасқа толғанға дейін 5000-нан астам бір реттік жаялықтарды пайдаланады. Жөргек отқа жанбайды, оңайлықпен шірімейді. Жас кәсіпкер Айдана Исраилова осының бәрін ескеріп, көп реттік жөргек жасауды қолға алған.
Кәсіпкер алдымен мемлекеттік бағдарлама аясында 5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алды. Осы қаражатқа ол «eco_hanym» брендімен қайта пайдалануға болатын жөргектер (подгузник) шығару инновациялық жобасын жүзеге асыруда.

Қайта пайдалануға болатын жөргектің сырты су өткізбейтін материалдан, іші мақтадан тігілген. Өлшем түймелердің көмегімен ені мен ұзындығы бойынша оңай реттеледі.
– Қайта пайдалануға болатын матадан жасалған жөргектерді пайдалану полигонға жіберілетін қалдықтарды азайтады. Бұл қоршаған ортаның ластануына әкелуі мүмкін қалдықтардың үлкен мөлшері. Қазіргі таңда 5 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Жөргектердің эскизін өзіміз саламыз, содан кейін арнайы жабдықпен тігеміз. Өнімнің бағасы – 3300 теңге, – деп түсіндірді кәсіпкер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!