Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қайтарымсыз грант алудың жаңа ережесі түсіндірілді

09.06.2022, 9:20 17546

«Нәтижелі жұмыспен қам­ту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында әр өңірде облыстық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау бизнес» жобасы жүзе­ге асырылған болатын. Биылдан бастап ол – «Еңбек-Бизнес» порталы болып ауыстырылып, өз жұмысын жалғастырып жатыр. Осы тұрғыда Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін грант беру шарттары жайында брифинг өткізді. Онда мемлекеттік грант мөлшері биылдан бастап 1 225 200 теңгені құрайтыны, мемлекеттік гранттарды қандай азаматтар алатыны туралы  баяндады.

— Бұрын мемлекеттік гранттарға барлық санаттағы азаматтар үміткер болса, биылғы жылдан бастап тек 29 жасқа дейінгі жастар мен әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар ғана грант ала алады. Әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек алатын отбасы мүшелері, көпбалалы отбасылар, мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеу­шіге берілетін жәрдемақыны алатын адамдар және қандастар жатады, — деді Жанар  Жұмабек­қызы.

Биыл грант беру процесі электронды түрде өтеді. Бұл ретте  үміткерлер  өтімдері 1 нау­рыздан бастап іске қосылған «Еңбек-Бизнес» порталына электронды цифрлық қол­танба арқылы тапсыратын болады. Мемлекеттік грант беру туралы шешімді грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі арнайы комиссия шығарады. Комиссия құрамына «Атамекен» палатасының өкілі, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық танымдық ұйымдар, бизнес, бұқаралық ақпарат өкілдері және сала эксперттері енгі­зіледі.

— Мемлекеттік грантты иеленетін азаматтар жұмыс­пен қамту органдарында тір­кеуде тұрған жұмыссыздар немесе мерзімі 1 жылға дейін­гі жеке кәсіпкерлер және жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтін азаматтар қатарынан болуы тиіс. Сондай-ақ, «Бастау бизнес» жобасының сертификаты және 1 жыл тұрғылықты жері бо­йынша грант үміткері атана алады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларының қатысушылары болып табылатын адамдар грант алуға үміткер бола алмайды. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын  тұрғын  үй сатып алуға және салуға, өнімдер өндіруге берілмейді. — дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасы басшысының орынбасары.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен гранттардың  мақсатты  пайда­лануына тұрақты мониторинг жүргізі­ліп отырады. Айта кетейік, биылғы мемлекеттік қайтарымсыз грант жобасына бір­қатар жаңа ереже енгізілген. Сонымен бірге, грант тек бір рет беріледі. Қайтарымсыз грант иегері атанғаннан кейін өндірісін жүйелі жобалап алғанша уақыт беріліп, 12 айдан кейін мемлекеттік тексеріс жүргізіледі. Аталған грант негізінде 25 күндік оқуға қатысып, 3 жылға жарамды  сертификат  алады.

Оразкүл  ТЕМІРҒАЛИ

Пікірлер:
  • Ассалаумағалайкум қайтарымсыз грант қашан басталады Жамбыл облысы бойынша

  • МЕН БИЗНЕСІМДІ БАСТАМАҚШЫ ЕДІМ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАСТАЛДЫ МА ҚАЙСЫ ЖЕРГЕ БАРЫП ҚАЛАЙ ҰТСАМ БОЛАДЫ

  • Саламатсыз ба? Толығырақ ақпарат алу үшін Қызылорда бойынша қай мекен жайға хабарласамын? құжат қабылдау жүріп жатыр ма?

  • Саламатсыз ба.құжаттар қабылдау қашан аяқталады.қызылорда бойынша қай мекен жайға хабарласамын?

  • Мен көпбалалы анамын. Бес балам бар. Мен қатыса аламын ба? Атаулы Әлеуметтік Көмек аламын. Маған қатысуы ма бола ма?

  • Саламатсыздар! Кез-келген тақырыпта бизнес жоспар жазамын! Хабарласыңыздар 87013090643

  • мемлкеттик грантты утып алган адамдар миндетти турде ИП ашу керекпе алде ип ашпай мемлекетке есп толеп отырсада болама

  • Мен 45жастамын 3топтағы мугедекпін 3баланың анасымын маган берілема екен

  • 3 групамын 11сынып бітіргем кәз үиде отырмын оқу оқыған жоқпын жұмыста жоқ мен қатыса аламын ба

  • Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы ретінде өзім не жолдасым қатыса алама?

  • Мен коп балалы анамын 6бала мугедек кызым бар мен грантка катыса аламынба .

  • Мен 2топ мүгедекпін осы бағдарламаға қатыса аламын ба 70га еңбек ету қабілетім жарамсыз

  • Жасым 32 де 3 балам ьар 4 шісіне аяғым ауыр октябрде босанам бизнес ашқым келеді маған тиесілі болама

  • Сәлеметсізбе. Менің есімім Ағарыс Бексұлтан Болатұлы. Қолымда диплом бар , денешынықтыру мұғалімдігін бітіргенмін. Жұмысым жоқ.Жасым 20-да. Мен осы грантты ала аламынба? Бизнес жоспарым бар.

  • Сәлеметсізбе жасым 18 де али диплом алмадым сырттай бөлімде оқып жатырмын. Мен қатыса аламба қайтарымсыз грант қа

  • Сәлеметсіз бе бес баланың анасымын баламның алды 19 да маған гранқа катысуға болама жеке кәсібімді бастасам деп едім

  • Мен дәл қазір декреттік демалыста отырмын. Мүмкіндігі шектеулі қызым бар. Мемлекеттік грант иегері бола аламын ба?. Сұрағыма жауап берсеңіздер. Тұратын жерім Шымкент қаласы. Қайда қандай құжат тапсыру керек.

  • Сәлеметсіз бе
    Сабаққа тіркеле алмай жүрмін
    Қалай кіру керек түсіндіресізба

  • Саламатсызба мен студент едім өз бизнесімді бастасамба деп едім талдықорған тумасымын осы гранттқа менде қатыса аламба

  • 2ші топ мүмкіндігі шектеулі жан. Қарағанды облысы. Темиртау қаласы. Қандай құжат тапсырамыз және қай жерге? Түсіндіріп айтып берсеңіз, өтініш… Жасым 48де

  • Сәлеметсізбе. Жасым 30да. БЖТ төлеп жүрмін 1жыл болды. Репетитормын. Маған қатысуға боладыма?

  • Мен декретте отырган анамын 4 балам бар казыргы танда АСП аласын Маган кайтарымсыз грантка тапсыруга болама

  • Көпбалалы анамын. Мәдениет қызметкерімін ауылдық жерде. Қатыса аламынба? Немесе жұбайым вахтада жұмыс жасайды құтқарушы

  • Сәлеметсізбе..Жасым 30да. Эпилепциямен ауырамын.Жұмысқа жарамсыз деп қабылдамай шығарып жіберіп жатыр.Қазір үйдемін маған алуға болама грантты..өз кәсібімді ашу үшін

  • Салематсызба. Менің есімім Сауле. Көп балалы анамын. Кейбір мәліметте 28 жаска дейін деп корсетілген. Ал менын жасым 33те жолдасым 50де. Бизнес яғни салон ашкым келеді. Маған болады ма. Алаңсыз үй де бала тәрбиесімен отырмын.

  • Мен 4 баланын акесiмiн грант ала аламынба 5 млн жас молшерi канша грантка катысуга

  • Саламатсызба мындеты турде ип ашу керекпа жане быр адамды жумыска алу керекпа

  • Мен Жамбыл облысы мерке ауданынан болам жасым 20да кайтарымсыз грант ала Адамян ба

  • Мен Түркістан облысы Кентау қаласы нан болам, жасым 20 да бұл гранттар қалай алсақ болады Мен өз кәсібімді студия ашсам деген жоспарым бар?

  • Мен кәсіпкермін,күміс жас субсидия жобасымен жұмысшыға өтініш беріп едім.Оғон қандай кәсіпкер иелері өтініш бере алады?

  • Саламатсызба менин жасым 33те мен осы грант катыссам алаламба осыны айтып жиберсениз

  • Саламатсызба менин жасым 33те мен осы грант катыссам ал аламба осыны айтып жиберсениз

  • Мен павлодар қаласы 2 курс студенті оқудан шығып кетткем қайтадан грант алынама

Добавить комментарий для Санжар Отменить ответ

Тағы да оқыңыз: