«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында әр өңірде облыстық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау бизнес» жобасы жүзеге асырылған болатын. Биылдан бастап ол – «Еңбек-Бизнес» порталы болып ауыстырылып, өз жұмысын жалғастырып жатыр. Осы тұрғыда Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін грант беру шарттары жайында брифинг өткізді. Онда мемлекеттік грант мөлшері биылдан бастап 1 225 200 теңгені құрайтыны, мемлекеттік гранттарды қандай азаматтар алатыны туралы баяндады.
– Бұрын мемлекеттік гранттарға барлық санаттағы азаматтар үміткер болса, биылғы жылдан бастап тек 29 жасқа дейінгі жастар мен әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар ғана грант ала алады. Әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек алатын отбасы мүшелері, көпбалалы отбасылар, мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алатын адамдар және қандастар жатады, – деді Жанар Жұмабекқызы.
Биыл грант беру процесі электронды түрде өтеді. Бұл ретте үміткерлер өтімдері 1 наурыздан бастап іске қосылған «Еңбек-Бизнес» порталына электронды цифрлық қолтанба арқылы тапсыратын болады. Мемлекеттік грант беру туралы шешімді грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі арнайы комиссия шығарады. Комиссия құрамына «Атамекен» палатасының өкілі, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық танымдық ұйымдар, бизнес, бұқаралық ақпарат өкілдері және сала эксперттері енгізіледі.
– Мемлекеттік грантты иеленетін азаматтар жұмыспен қамту органдарында тіркеуде тұрған жұмыссыздар немесе мерзімі 1 жылға дейінгі жеке кәсіпкерлер және жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтін азаматтар қатарынан болуы тиіс. Сондай-ақ, «Бастау бизнес» жобасының сертификаты және 1 жыл тұрғылықты жері бойынша грант үміткері атана алады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларының қатысушылары болып табылатын адамдар грант алуға үміткер бола алмайды. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, өнімдер өндіруге берілмейді. – дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен гранттардың мақсатты пайдалануына тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады. Айта кетейік, биылғы мемлекеттік қайтарымсыз грант жобасына бірқатар жаңа ереже енгізілген. Сонымен бірге, грант тек бір рет беріледі. Қайтарымсыз грант иегері атанғаннан кейін өндірісін жүйелі жобалап алғанша уақыт беріліп, 12 айдан кейін мемлекеттік тексеріс жүргізіледі. Аталған грант негізінде 25 күндік оқуға қатысып, 3 жылға жарамды сертификат алады.
Оразкүл ТЕМІРҒАЛИ
Сәлеметсізбе менде осы грантқа қатыса аламынба коп балалы ана ретінде
Керемет іске сәт
Жасым 30 да 4 балам бар қатыса аламын ба?
Студенттерге беріле ме?
Ассалаумағалайкум қайтарымсыз грант қашан басталады Жамбыл облысы бойынша
Декреттегі аналар қатыса алады ма гранттық конкурсқа?
МЕН БИЗНЕСІМДІ БАСТАМАҚШЫ ЕДІМ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАСТАЛДЫ МА ҚАЙСЫ ЖЕРГЕ БАРЫП ҚАЛАЙ ҰТСАМ БОЛАДЫ
Саламатсыз ба? Толығырақ ақпарат алу үшін Қызылорда бойынша қай мекен жайға хабарласамын? құжат қабылдау жүріп жатыр ма?
Саламатсыз ба.құжаттар қабылдау қашан аяқталады.қызылорда бойынша қай мекен жайға хабарласамын?
Салеметсізбе! Қайтарымсыз грантқа қалай отінім бере аламын?
Салеметсизбе менде осы грантам катыса аламынба
Мен көпбалалы анамын. Мен грантқа қатыса аламын ба.
Мен көпбалалы анамын. Бес балам бар. Мен қатыса аламын ба? Атаулы Әлеуметтік Көмек аламын. Маған қатысуы ма бола ма?
Мемлекеттік грант бойынша қандай құжаттар қажет тізімі керек еді өтініш
Мен коп балалы ана осы гранттар катысса аламын ба
Мен катыса аламынба 4 балам бар едижкмыс истемеим
18 жасар студенттерге беріледі ме?
Саламатсыздар! Кез-келген тақырыпта бизнес жоспар жазамын! Хабарласыңыздар 87013090643
мемлкеттик грантты утып алган адамдар миндетти турде ИП ашу керекпе алде ип ашпай мемлекетке есп толеп отырсада болама
Сәлеметсіз бе мен 4 балам бар грантка қатыса аламын ба
Мен 45жастамын 3топтағы мугедекпін 3баланың анасымын маган берілема екен
Мен жалгыз Басты анамын 3 балам бар грантка катысы аламынба
3 групамын 11сынып бітіргем кәз үиде отырмын оқу оқыған жоқпын жұмыста жоқ мен қатыса аламын ба
Меның еккы балам бар мен жумысызбын маған алуға болама грант?
Меның еккы балам бар мен жумысызбын маған қатысуға болама?
Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы ретінде өзім не жолдасым қатыса алама?
Мен коп балалы анамын 6бала мугедек кызым бар мен грантка катыса аламынба .
Мен жұмыссызбын жасым 22 де
Бизнес бастауға тапсырсам болама
Мен 2топ мүгедекпін осы бағдарламаға қатыса аламын ба 70га еңбек ету қабілетім жарамсыз
Жасым 32 де 3 балам ьар 4 шісіне аяғым ауыр октябрде босанам бизнес ашқым келеді маған тиесілі болама
Сәлеметсізбе. Менің есімім Ағарыс Бексұлтан Болатұлы. Қолымда диплом бар , денешынықтыру мұғалімдігін бітіргенмін. Жұмысым жоқ.Жасым 20-да. Мен осы грантты ала аламынба? Бизнес жоспарым бар.
Мен катыса аламба кайтарымсыз грантка
Сәлеметсізбе жасым 18 де али диплом алмадым сырттай бөлімде оқып жатырмын. Мен қатыса аламба қайтарымсыз грант қа
Сәлеметсіз бе бес баланың анасымын баламның алды 19 да маған гранқа катысуға болама жеке кәсібімді бастасам деп едім
Саламатсызба мен толык емес отбасымын грантка тиркелемизба окимызба
Мен дәл қазір декреттік демалыста отырмын. Мүмкіндігі шектеулі қызым бар. Мемлекеттік грант иегері бола аламын ба?. Сұрағыма жауап берсеңіздер. Тұратын жерім Шымкент қаласы. Қайда қандай құжат тапсыру керек.
Сәлеметсіз бе
Сабаққа тіркеле алмай жүрмін
Қалай кіру керек түсіндіресізба
Саламатсызба мен студент едім өз бизнесімді бастасамба деп едім талдықорған тумасымын осы гранттқа менде қатыса аламба
2ші топ мүмкіндігі шектеулі жан. Қарағанды облысы. Темиртау қаласы. Қандай құжат тапсырамыз және қай жерге? Түсіндіріп айтып берсеңіз, өтініш… Жасым 48де
Сәлеметсізбе. Жасым 30да. БЖТ төлеп жүрмін 1жыл болды. Репетитормын. Маған қатысуға боладыма?
Мен декретте отырган анамын 4 балам бар казыргы танда АСП аласын Маган кайтарымсыз грантка тапсыруга болама
Мүгедек балам бар 3топтағы қатыса алама гарант алуға
Көпбалалы анамын. Мәдениет қызметкерімін ауылдық жерде. Қатыса аламынба? Немесе жұбайым вахтада жұмыс жасайды құтқарушы
Жалгыз басты анамын жумусыз дәрмен мен катыса алам ба?
Қалай аламын грант
Саламатсыз ба, 5ші поток болады ма биыл?
Мен аулды жерде тұрам, осы грантқа қалай алсақ болады,
Сәлеметсізбе..Жасым 30да. Эпилепциямен ауырамын.Жұмысқа жарамсыз деп қабылдамай шығарып жіберіп жатыр.Қазір үйдемін маған алуға болама грантты..өз кәсібімді ашу үшін
Салематсызба. Менің есімім Сауле. Көп балалы анамын. Кейбір мәліметте 28 жаска дейін деп корсетілген. Ал менын жасым 33те жолдасым 50де. Бизнес яғни салон ашкым келеді. Маған болады ма. Алаңсыз үй де бала тәрбиесімен отырмын.
Мен 4 баланын акесiмiн грант ала аламынба 5 млн жас молшерi канша грантка катысуга
Саламатсызба мындеты турде ип ашу керекпа жане быр адамды жумыска алу керекпа
Мен Жамбыл облысы мерке ауданынан болам жасым 20да кайтарымсыз грант ала Адамян ба
Мен Түркістан облысы Кентау қаласы нан болам, жасым 20 да бұл гранттар қалай алсақ болады Мен өз кәсібімді студия ашсам деген жоспарым бар?
Мен кәсіпкермін,күміс жас субсидия жобасымен жұмысшыға өтініш беріп едім.Оғон қандай кәсіпкер иелері өтініш бере алады?
Саламатсызба менин жасым 33те мен осы грант катыссам алаламба
Саламатсызба менин жасым 33те мен осы грант катыссам алаламба осыны айтып жиберсениз
Саламатсызба менин жасым 33те мен осы грант катыссам ал аламба осыны айтып жиберсениз
Мен павлодар қаласы 2 курс студенті оқудан шығып кетткем қайтадан грант алынама