Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада кәсіпкерлік пен инвестиция қарқыны күшейді

30.01.2026, 21:46 28

Қызылорда облысында өткен жылы экономика салалары бойынша нақты өсім қалыптасты. Өнеркәсіп, кәсіпкерлік, инвестиция тарту және сауда бағыттарында атқарылған жұмыстар өңірдің экономикалық әлеуетін арттырған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мөлдір Тәуіпбаева мәлімдеді.

Аймақ бойынша өңдеу өнеркәсібі 6,4 пайызға, сауда айналымы 7 пайызға өскен. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 10,6 пайызға артқан. Бұл көрсеткіштер өңір экономикасының бірқалыпты дамып келе жатқанын көрсетеді.

– Өткен жылы облыста кәсіпкерліктің дамуы белсенді жалғасып, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 20,5 пайызға жетті. Облыста 65 мыңнан аса кәсіпкер жұмыс істейді, экономикалық белсенді тұрғындардың 32,9 пайызы осы салада еңбек етеді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерліктің 2 929 жобасына қаржылай қолдау көрсетілді, оның ішінде субсидия және кепілдік алғандар бар, – деді Мөлдір Сұлтанбекқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: