Облыс әкімінің орынбасары бастаған ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен делегация Жетісу облысына арнайы жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапарында Жаркент крахмал-сірне зауытының жұмыс барысымен танысты. Зауыт жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдеп, өнімін алыс-жақын шет елдерге экспорттауды қамтамасыз етеді.
Биыл аймақ басшысы Н. Нәлібаевтың қолдауымен ауыл шаруашылығы саласына инвестициялар тарту, егіс құрылымын әртараптандыру мақсатында Қызылорда крахмал-сірне зауытын салу жоспарлануда. Аграрлық өңір ретінде жүгеріні терең өңдеу жобасының маңызы зор.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында делегация «Универсал» ЖШС қап зауытының жұмыс барысымен танысты. Зауыт жылына 48 млн данаға жуық полипропиленді қап-қорап өндіруді қамтамасыз етіп келеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!