Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкерлік саласының әлеуеті артып келеді

18.01.2023, 9:35 212

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпке басымдық беріліп, қолдау күшейтіліп келеді. Мәселен, өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлердің саны 71823 бірлікке жеткен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков баяндады.

– Қызылорда облысы кәсіпкерлер санының өсу қарқыны бойынша алғашқы бестікке енді. 2022 жылдың 9 айының қорытындысымен 116 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Осы кезеңде 459 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Сондай-ақ, өткен жылы 3443 кәсіпкерлік бастама гранттармен қаржыландырылып, 2436 жоба банктер мен қаржы институттары арқылы несиелендірілді, – деді Қамбарбек Амангелдіұлы.

Брифингте сала басшысы биыл жастарға жылдық өсімі 2,5% болатын шағын несиелер берілетінін айтты. Бұған қоса, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында облысқа 3 млрд теңге бөлінген. Қаражат облыста жүргізілген скрининг нәтижелерімен айқындалған 28 пилоттық ауылдық округтер бойынша бағытталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: