Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

20 тонна өнім берген жылыжай

06.10.2021, 9:40 474

HALYQLINE.KZ Қазалылық кәсіпкер Шалғынбек Наурызбаев жылыжайға қызанақ пен қияр өсіріп, жергілікті табиғи таза өнімді тұрғындарға өткізуде. Жылыжайдағы қияр биылғы жылдың өзінде екінші рет өнім беріп жатыр. Ал, қызанақ енді бір он күннің шамасында піседі.

Биылғы жылдың алғашқы өнімін еңбекқор шаруа ерте көктемде жинады. Оның бәрі әрине көптеген еңбекті талап етеді. Жылыжайдың ішкі температурасы түнде +10, күндіз +30-ға дейін ұстап тұру қажет. Алғашқы уақытта табиғи отынмен жылытқан кәсіпкер қазіргі таңда қатты отынды пайдалануда. Оның өзіндік себебі де бар.

Аумағы 18 сотық жерді алып жатқан жылыжайда қиярдың «Берг Ф1», қызанақтың «Комфорд» сорты өсіріліп жатыр. Қазіргі таңда жылыжайдың қиярын аудан тұрғындарымен қатар, көршілес Байқоңыр қаласынан арнайы келіп алып кетіп жатқандар бар.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Шалғынбек Наурызбаевтың жылыжайына арнайы барып, оның жұмысымен танысты. Жылыжайдағы жұмыстар жөнінде кәсіпкердің өзі айтып беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Көктемде жылыжайдан 20 тоннаға жуық қызанақ пен қияр жинаған кәсіпкер осы маусымда да мол өнім жиналады деп жоспарлап отыр.

Аудан басшысы жылыжайда көкөніс өсіру жұмыстары ерекше күтімді қажет ететінін тілге тиек етіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: