Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкерлер кеңесті

02.04.2021, 11:00 516

HALYQLINE.KZ  Аудан әкімі М.Қалдарбековтың төрағалығымен кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтіп, кәсіпкерлік саласының дамуына қатысты мәселелер қозғалды.

Мәжілістің жүргізілу регламентіне сәйкес хабарламашылардың баяндамалары тыңдалып болғаннан кейін барып, сұрақ-жауап талқылау ұсынылды.

Кездесуде сөз алған аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е.Әбдікеров ауданымыздағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойындағы қызмет көрсету бизнесінің даму барысы туралы қысқаша шолу жасады.

Күн тәрбінде бірінші мәселе бойынша автожол бойы нысандарына қойылатын талаптар мен нысандардағы тазалық жайлы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ Қызылорда облыстық филиалының өкілі Оспанов Ғалымжан хабарлама жасады.

Сонымен қатар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 1568 шақырымынан жаңа қызмет көрсету нысан құрылысын жүргізу мәселелері туралы «АстМос» ЖШС атқарушы директоры Аймбетов Бауыржан онлайн түрде қатысып, баяндама жасады.

Жиын барысында аудан әкімі Мұса Оспанұлы кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне жоғарыда аталған жобаны іске асыру бойынша сүйемелдеуге алуды тапсырды.

Сонымен қатар, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі жоба бастамашысымен бірлесіп эскиздік жобасын заңдылықтарға сәйкес пысықтауды жүктеді.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы өлкемізде кәсіпкерлік ашып, бизнесті жүргізуге барынша қолайлы жағдайлар жасалып келеді. Кәсіпкердің әрбір ұстанымын қолдауға және олардың идеяларын жүзеге асыруға барлығымыз жұмыла қызмет жасауымыз қажет деп атап өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: