Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Украина парадқа қатысушыларды құптамады

10.05.2023, 11:11 341

HALYQLINE.KZ Украина сыртқы істер министрлігі ТМД елдері лидерлерінің Мәскеудегі парадқа баруын «аман қалу және тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан украин халқына қарсы достық емес қадам» деп атады.  

Мәлімдемеде Украинаға қарсы агрессивті соғысқа қатысып жатқан ресейлік әскери техника көрсетілгені айтылған.

Онда сонымен бірге Ресей президенті Владимир Путиннің «украиндерді өлтіріп жатқанын, қалалары мен ауылдарын талқандап жатқанын, балаларын ұрлап және оккупацияланған украин аймақтарының тұрғындарына қарсы репрессияларды ақтағанын» атап өткен.

«Іс-шараның алдында Ресей Украинаны одан сайын қирату үшін 25 қанатты зымыранын ұшырды», – делінген мәлімдемеде.

9 мамырда Мәскеудің Қызыл алаңында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанының 78 жылдығына арналған әскери парад өтті. Бұл жолғы парадқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан президенттері мен Армения премьер министрі қатысты. Сонымен бірге Беларусьтан Александр Лукашенко барды.

 Грузия президенті Саломе Зурабишвили мен Әзірбайжан басшысы Илхам Әлиев Путиннің шақыртуынан бас тартқан.

Америкалық соғысты зерттеу институтының жазуынша, Путин бұл шеруді Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалық көрсету үшін өткізіп отыр.

«2022 жылы бірде-бір шетелдік көшбасшы Жеңіс күнін тойлауға Мәскеуге барған жоқ. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан пандемияға байланысты былтыр әскери шеру өткізген жоқ. Орталық Азия елдері көшбасшыларының Мәскеуге баратыны туралы жеме-жемге келгенде хабарлануы, олардың соғысқа ашық түрде қолдау көрсеткендей болғысы келмеуінен болуы мүмкін»,-деп жазды ISW.

Ресей президентінің сөзінше, әлемдегі қанды қырғындардың бәріне Батыс елдері кінәлі. «Батыс мемлекеттерінің элитасы агрессивті ұлтышылдық пен русофобияның күшейтіп» отыр.

– Олардың мақсаты – біздің еліміздің құлағаны, ыдырағаны. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесін жойып жібергісі келеді. Олар жаһандық қауіпсіздік пен халықаралық құқық жүйесін түбегейлі бұзуды көздеп отыр. Шамадан тыс өзімшілдік, тәкаппарлық, өзімбілерліктің арты осындай трагедияға әкеледі. Украина халқының бастан кешіп жатқан трагедиясының себебі де – осы. Ол Батыс қожайындарының қылмыстық режимінің кепіліне айналды. Батыстың қатыгез жоспарларын жүзеге асыруға пайдаланып құралға айналды,-деп мәлімдеген Путин ТМД мемлекеттерінің басшыларын жинаған шарада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: