Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Украина неліктен маңызды?

26.02.2025, 8:50 233

HALYQLINE.KZ

— Уран кенінің дәлелденген қоры бойынша Еуропада 1-ші;

— Титан кенінің қоры бойынша Еуропада 2-ші және әлемде 10-орында;

— Марганец кенінің барлау қоры бойынша дүниежүзінде 2-орында (2,3 млрд тонна немесе әлемдік қордың 12%-ы);

— Темір рудасының қоры бойынша дүниежүзінде екінші орында (30 млрд т);

— Сынап кенінің қоры бойынша Еуропада 2-орын;

— Еуропадағы тақтатас газының қоры бойынша 3-орында (әлемде 13-орында), (22 триллион текше метр);

— Табиғи ресурстардың жалпы құны бойынша әлемде 4-орында;

— Көмір қоры бойынша әлемде 7-орында (33,9 млрд тонна);

— Украина ауылшаруашылық ел болып табылады:

— Егістік жер көлемі бойынша Еуропада бірінші орында;

— Қара топырақты ауданы бойынша дүниежүзінде 3-орында (әлемдік көлемнің 25%);

-Күнбағыс және күнбағыс майының экспорты бойынша әлемде 1-орын;

— Арпа өндіру бойынша әлемде 2-орын және арпа экспорты бойынша 4-орын;

— Әлемдегі үшінші ірі өндіруші және төртінші ірі жүгері экспорттаушысы;

— Әлемдегі төртінші ірі картоп өндіруші;

— қара бидай өндіру бойынша дүни жүзінде бесінші орында;

— ара балын өндіруден әлемде 5-орын (75 мың тонна);

— бидай экспорты бойынша әлемде 8-орын;

— тауық жұмыртқасын өндіру бойынша әлемде 9-орын;

-Ірімшік экспорты бойынша әлемде 16-орын;

— Украина 600 миллион адамның азық-түлік қажеттілігін өтей алады.

-Украина өнеркәсібі дамыған ел:

-Аммиак өндіру бойынша Еуропада 1-орын;

— 2-Еуропа және әлемдегі төртінші ірі табиғи газ құбыры жүйесі (ЕО 142,5 млрд текше метр газ өткізу мүмкіндігі);

— Ол Еуропадағы атом электр станциясының орнатылған қуаты бойынша үшінші және әлемде сегізінші орында;

— Ұзындығы жөнінен Еуропадағы 3-ші және әлемдегі ұзындығы бойынша 11-ші теміржол (21700 км);

— Локаторлар мен позициялау құрылғыларын өндіру бойынша әлемде 3-орын (АҚШ пен Франциядан кейін);

— Әлемдегі үшінші ірі темір экспорттаушы;

— Атом электр турбиналарының әлемдегі төртінші ірі экспорттаушысы;

— Әлемдегі төртінші зымыран тасығыш өндірушісі;

— Балшық экспорты бойынша әлемде 4-орын;

— Титан экспорты бойынша әлемде 4-орын;

— кен және концентрат экспорты бойынша әлемде 8-орында;

— қорғаныс өнеркәсібі өнімінің экспорты бойынша әлемде 9-орында;

— Болат өндіру бойынша дүниежүзінде 10-орында (32,4 млн тонна).

Аударған  Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: