Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Вирусты аз уақытта анықтайтын тест шығарылды

03.08.2020, 17:40 404

HALYQLINE.KZ Коронавирус пен тұмауды 90 минутта анықтайтын жаңа тесттер келесі аптадан бастап ауруханалар мен медициналық мекемелерде таратылады. Қазіргі уақытта сынақтардың үштен бір бөлігі 24 сағаттан астам уақытты алады.

Ұлыбритания үкіметі вирус жұқтырған, бірақ ауру белгілері жоқ вирус тасымалдаушыларды анықтауға бағытталған басты қадам деп есептейді. Бұған қыркүйек айына дейін қол жеткізу мүмкін емес. Үкімет «LamPORE» деп аталатын жаңа жылдам тампон сынақтарының келесі аптадан бастап ересектерге күтім жасау қондырғылары мен зертханаларында қолжетімді болатынын, жыл соңында миллиондаған данасы шығарылатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Лондонның сегіз ауруханасында бұрыннан қолданылған және мұрын тампондарын талдай алатын мыңдаған ДНҚ-сынақ аппараттары қыркүйек айынан бастап NHS ауруханаларында таратылады.

Жаңа тестілеудегі жетістік сол, тұмау мен басқа вирусты да тексеруге мүмкіндігі зор. Біріншіден, жылдамдық. Сынақтарды зертханаға жіберудің қажеті жоқ, себебі өңдеу уақыты жылдам. Ауруханада сынақтың 10-нан 9-ы 24 сағат уақыт алады. Екіншіден, тест қуаттылықты арттырады. Қазіргі уақытта күніне 300 000 сынақты өңдеуге болады, алдағы мақсат – 500 000-ға жеткізу.

Бір айта кетерлігі, Үкімет сонымен бірге сынақтардың дәлдігі туралы толық мәліметтерді жарияламады.

 – Бұл – алға қарай жасалған үлкен қадам. Үкімет қазан айының соңында 500 мың тестті сынақтан өткізуге тырысады. Бұл сынақтар тұмауды, сондай-ақ Ковид-19 ауруын анықтауы мүмкін. Өйткені біз қысқы маусымға әзірленеміз, ал емделушілер өзін және өзгелерді қорғағаны дұрыс, – Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок.

bbc.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: