Ресей парламенті армияға қабылданған жастарға бір айдан соң қорғаныс министрлігімен келісім-шартқа отыруға рұқсат етіп, одан соң Украинадағы соғысқа жіберу мәселесін талқылап жатыр.
Заңнамаларға тиісті өзгерту енгізуді қарастыратын жобаны парламенттің қорғаныс жөніндегі комитеті мақұлдады.
Құжатқа сәйкес, Ресей қорғаныс министрлігімен мұндай келісім-шартқа мобилизация, әскери жағдай, қарулы жанжал, контртеррор операциясы, сонымен бірге армияны шетелде пайдалану кезінде отыруға болады.
Қазір әскерге қабылданған ресейліктер үш айдан кейін ғана мұндай келісім-шартқа отыра алады.
25 шілдеде парламент Ресей армиясындағы қызмет шарттарын қатайтатын бірнеше заң қабылдады. Атап айтқанда, депутаттар әскери комиссариатқа шақырту алып, талапты орындамағандарға салынатын айыппұлды бірнеше есе өсіріп, әскерге қабылдау шегін 27-ден 30 жасқа дейін көтерді. Думаның қорғаныс жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Картаполов бұл заңдар «үлкен соғыс» пен «жалпы мобилизация» үшін жазылғанын айтты.
Айта кетейік, Қазақстанда әскерге шақырту – 18-27 жас аралығында жүреді.
Бейбіт уақытында әскери қызметке шақыртудан денсаулық жағдайы бойынша жарамсыз деп танылғандар ғана босатылады. Осыған сәйкес, азаматтардың әскерде қызмет етуге жарамсыз деп танылуы көзделген аурулар тізімі көзделген. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша мамандар мынадай белгілер бойынша азаматтардың жарамдылық санаттары туралы қорытындыны шығарады:
- «А» – әскери қызметке жарамды;
- «Б» – кішігірім шектеулермен әскери қызметке жарамды;
- «В» – әскери қызметке шектеулі жарамды (келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлеріне қатысты);
- «Г» – әскери қызметке уақытша жарамсыз;
- «Д» – бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;
- «Е» – әскери есептен басқа әскери қызметке жарамды емес.
- 27 жасқа толғандар;
- туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе І немесе ІІ топтағы мүгедек болып қалғандар;
- басқа мемлекетте әскери (балама) қызметті өткерген;
- «Қазақстан Республикасчының арнайы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51 бабының 9 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдарында қызметті өткерген;
- оқу туралы растау құжаттарын ұсынуда доктор ғылыми дәрежесі барлар;
- діни бірлестіктерде тіркелген дін жолындағы адамдар
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!