Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

“Реал Мадрид” футболшылары Алматыға келді

29.09.2025, 4:40 244

Мадридтік «Реал» футбол клубының ойыншылары Алматыға ұшып келді. Шетелдік футболшылар Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі алматылық «Қайрат» командасына қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Желіде тараған ақпаратқа сенсек, «Реал» футболшылары ұшып келген ұшақты 22 мыңнан астам адам онлайн бақылаған. Бұл Flight Radar сервисіндегі ең танымал рейс болды. Ал әуежайда шетелдік спорт жұлдыздарын мыңдаған адам күтіп тұрды. Алайда футболшылар жанкүйерлеріне шыққан жоқ, олар автобусқа отырып, қонақүйге жол тартқан.

Клубтың Instagram-дағы ресми парақшасында футболшылардың ұшақтан түскен сәті мен Алматы әуежайындағы суреттері жарияланды. Онда «Біз Алматыдамыз» деп жазылған.

Еске салсақ, 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда тарихи матч өтеді. Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» өз алаңында «Реал Мадридпен» кездеседі.

Бұған дейін «Реал Мадрид» футбол клубы Қазақстанға келетін футболшылар құрамын жариялаған болатын.

«Реалдың» құрамы келесідей:

Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;

Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;

Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;

Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.

Белгілі болғандай, клуб Қазақстанға негізгі құраммен келіп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: